Нью-Йоркте «Kazakhstan Finance Day» форумы өтті
Нью-Йоркте «Kazakhstan Finance Day» форумы өтті. Жиынға америкалық және халықаралық инвесторлар қатысып, еліміз бен АҚШ арасындағы кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту жолдарын талқылады.
Әлемдік қаржы ойыншылары мен бизнес серіктестер Уолл-Стритте бас қосты. Мақсат - Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық байланысты нығайтып, жаңа инвестициялар тарту перспективаларын талқылау. Екі елден 450-ден астам өкіл қатысқан форум инвестициялық мүмкіндіктерді арттыруға бағытталған бірегей диалог алаңына айналды.
Ренат Бектұров, Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:
-Біздің мақсатымыз елііміздегі макроэкономикалық жағдайлардың бар екенін түсіндіру. Көптеген институционалды инвесторлар Halyk Bank, Kaspi және Freedom сияқты банктермен ғана таныс. Бірақ еліміздегі инвестициялық мүмкіндіктерді беріп отырған тек бұл 3 компания емес. Басқа да мүмкіндіктер көп, сол туралы айту, еліміздің реформалары туралы айту, себебі бізге ең бастысы елімізге инвестиция тарту керек.
Шетелдік инвесторлар мен «Kazakhstan Finance Day» форумына жиналған қатысушылар еілміздегі экономикалық реформаларға жоғары баға берді. Қазақстанның Орта Азияның қаржы секторындағы рөлі және америкалық инвесторлар үшін стратегиялық серіктес екені айтылды.
Браян Корп, Cetberus capital management компаниясының басшысы
-Қазір барлығы цифрландырылған. Бұл заман талабы. Біздің де қызығушылығымыз үлкен. Қазақстанның Орта Азиядағы қаржы орталығына айналуына зор мүмкіндігі бар. Біз оны жақсы білеміз. Сол себепті америкалық инвесторлар Қазақстанға қаржы құюға мүдделі. Жылдар бойы сіздердің елдеріңізбен жұмыс істеп келе жатқанымызға қуаныштымыз.
Форум аясында Қазақстен мен Америкалық бизнес өкілдері екіжақты кездесулер өткізіп, жаңа инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқыланды. Америкалық әріптестер Қазақстанның инвестициялық әлеуетін жоғары бағалап, ұзақ мерзімді халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендерін жеткізді.
Авторы: Талғат Алманов