«Білу маңызды»
Мақсаты – көрерменнің сұрағына нақты жауап бере отырып, мемлекеттік аппараттың жұмысын насихаттау, беделін көтеруге ықпалдасу.
Нақты бір проблемалық жағдай мысал ретінде келтіріліп, студия қонағы бұл мәселені шешу жолдарын айтып өтеді. Яғни жалқы мәселеден жалпы мемлекеттік бағдарламалардың барысы немесе мемлекеттік ведомстваның жұмысына тоқталады.
Бағдарлама барысында халық білуі керек маңызды тақырыптар көтеріледі. Көрермен сұрақтарын студия қонағына тікелей эфир телефоны немесе әлеуметтік желілер арқылы қоя алады.
Жобаның ерекшелігі – online режимінде нақты сұраққа нақты жауап.
Бағдарлама жүргізушісі – мемлекетік орган жұмысының қыр-сырымен жақсы таныс, сонымен қатар халықтың ой-пікірін, сұрақ-тілегін жеткізе алатын орта жастағы тәжірибиесі мол журналист. Тақырыпқа қатысты барлық сұрақтардың жауапсыз қалмауына мүдделі.
Қонақ ретінде сұрақтарға нақты, жан-жақты, көрермендердің тосын сұрақтарына мүдірмей жауап беретін мамандар шақырылған.