Хабар телеарнасы

Тоғызқұмалақшылар V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қызу дайындалып жатыр

Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама мүшелері V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қызу дайындалып жатыр. Елімізде өтетін жарыста интеллектуалды бағдарлама бойынша ойынның үш түрі өтеді. Оған қатысу үшін әлемнің 50 елінен спортшы келеді деген жоспар бар. Ақыл мен айланы қажет ететін спортты серік еткен біздің қыз-жігіттер алдағы сайыста тұғырдан көріну үшін барын салмақ. Астанада қыркүйектің 8-і мен 13-і аралығында өтетін ауқымды жарыста топ жару үшін күніне 8 сағат жаттығады.

Айнұр Жақыпбаева, тоғызқұмалақтан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы:
-Біздің тоғызқұмалақ, түрік манкаласы және Африка елдерінің увари ойындары. Осы 3 спорт түрі бойынша тоғызқұмалақ ойыншылары жасақталды. Бүгінгі таңда 3 түр бойынша команда бекітіліп, сақадай сай болып тұр.