Cенаторлар жұмысқа кірісті
Бюджет және салық кодексі сияқты маңызды құжаттардың Сенатқа келуін күтпей, жұмысты бастай беру керек. Парламент Сенатының депутаттары өңірлерден оралды. Бүгін осыған орай жоғарғы палатаның бюро отырысы өткізіліп, алдағы жоспарлар бойынша күн тәртібі белгіленді. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Президенттің Егемен Қазақстан басылымына берген сұхбатында белгіленген міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ шикізаттық экспортты ілгерілету мәселесі туралы заңға өзгерістерді Сенаторлар қарайды. Оның сыртында өңірлерді аралап, сайлаушылармен кездесіп келген депутаттар халық көтерген мәселелердің негізінде депутаттық сауалдарын әзірлеулері тиіс.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Өңірлерге барып, халықпен кездесулерге қатысып келдіңіздер. Біраз енді кездесулердің аясында мәселелер де көтерілген шығар. Біраз ұсыныстар да айтылған шығар. Алдағы үкіметтік сағаттарда, дөңгелек үстелдерде және комитеттердің отырыстарында көтерілген мәселелердің барлығын талқылап, түйткілдердің, бір олқылықтардың, мәселелердің шешілуіне өз үлесімізді қосамыз деп сенемін.