Үкімет ауылды дамыту тұжырымдамасын бекітті
Үкімет Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында тұрғындардың 90%-ы өмір сүріп жатқан даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдық елді мекенді жаңғыртуға баса назар аударылған. Жаңа мектептер мен медициналық нысандар салынып, сумен және электрмен жабдықталады, кең жолақты интернет және ғарыштық байланысы тартылады, ауыл жолдарының сапасы жақсарып, кітапхана, клуб, музей, спорт ғимараттары сияқты мәдени нысандар салынады, халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады. Ауылдық елді мекендерде қызметкерлеріне үй салып берген жұмыс берушілердің шығындары субсидияланады.