Қ. Тоқаев барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
Құттықтауында еліміздің бас құжаты әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріміз бен ауқымды реформаларымыздың берік тұғыры екеніне тоқталды.
«Ата заңымызда көрсетілген ұстанымдар біздің экономикалық дағдарысты батыл еңсеріп, болашаққа қадам басуымызға жол ашады. Сондай-ақ ел бірлігіне, адамның ар-ұжданына қол сұғуға, жалпы кемсітудің кез келген түріне тыйым салу арқылы ұлтымызды ұйыстырады», – деді. Осы ұстанымдар ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін баға жетпес байлығымыз екенін де айтты.