Астанада «Біз біргеміз Fest» атты қайырымдылық фестивалі өтті
Музыкалық кеш балалар жылы аясында ұйымдастырылған және ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған. Іс-шараға Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевта қатысты. Ол өз сөзінде балалардың әл-ауқаты, олардың интеллектуалдық, шығармашылық және рухани дамуы басым бағыт екенін атап өтті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Мемлекет басшысы жас ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге арналған маңызды бастамалар жариялады. Президентіміз ұлттық қордың қаражатынан балалардың болашағына инвестиция ретінде пайдалану бастамасын көтергенін білесіздер. Осы және өзгеде шаралар өскелең ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге ықпалын тигізетіні сөзсіз.