Қарағанды облысында 33 жүк көлігін заңсыз тіркеу дерегі анықталды
Қарағанды облысында 33 жүк көлігін заңсыз тіркеу дерегі анықталды. Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері техниканы бастапқы тіркеу және утилизация алымын төлемес үшін құйтырқы әрекетке барған. Олар интеграцияланған ақпараттық жүйеге жалған VIN-кодтарды енгізген. Салдарынан жергілікті бюджетке 315 млн теңге көлеміндегі қаржы түспеген. Күдікке іліккен мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы мен оның орынбасары ұсталды.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
-Сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Күдіктілердің 42 млн теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.