Хабар телеарнасы

Әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды

Әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Ел бойынша 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам қазақстандық әскери қызметке шақырылады. Іріктеу кезеңі желтоқсан айының соңына дейін жүргізіледі. Қазір ел бойынша 195 шақыру комиссиясы жұмыс істеп тұр. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, елде 700 мыңнан астам азамат әскери есепте тұр. Оның ішінде 120 мыңнан астам жас жігіт әскерге шақырылды. Шақырту алып, бірақ Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарғандар әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылады. Ал керісінше әскер қатарына қосылып, жақсы нәтиже көрсеткен сарбаз кредиттік демалыс алып, Жоғары оқу орнына тегін түсе алады. 

Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:
-Әскер қатарына 40 мыңға тарта азаматты шақырамыз. Жаңағы «Срочники 2.0» бағдарламасы арқылы біз ҰБТ тапсырмай, әскери қызмет барысында ең үздік нәтиже көрсеткен үш мың азамат, яғни жылына соларға тегін оқуға мүмкіндік беріледі. Бұл ЖОО есебінен. Ал қалғандары ақылы негізде оқуға негіз бар. Яғни ҰБТ тапсырмай.