Референдумға дайындық 4 қазан күні аяқталады
Референдумға дайындық 4 қазан күні толығымен аяқталады. Бүгін Орталық референдум комиссиясының төрағасы елордадағы учаскелердің әзірлігін пысықтады. Референдум өтетін 6 қазан күні мүгедектігі бар адамдарға 66 инватакси қолжетімді болады. Ел бойынша 230 қоғамдық бірлестік байқаушы ретінде қатысады. Барлық комиссия мүшесі арнайы оқытылды.
Нұрлан Әбдіров, Орталық референдум комиссиясының төрағасы:
-Менің атымнан ескерту болды. Біздің полиция қызметкерлері жай ғана барып, участкелерде отырмауы керек. Ол олардың жұмыс орны емес. Біздің кестеге байланысты барлық жұмыс қарқынды өтіп жатыр. Мен бүгін осыны айта аламын.