Ақтаудағы атом энергетика комбинатына Үкімет резервінен ₸5 млрд бөлінді
Ақтаудағы атом энергетика комбинатына Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл қаржы энергокомбинатты жылыту маусымына дайындауға жұмсалады. Яғни Маңғыстау облысының бюджеті арқылы кәсіпорынды субсидиялау көзделіп отыр. Өндіріс орнын жаңғырту жұмыстары былтырдан бері кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Қазандықтарды, резервтік қорғау және электр қуатын басқару әрі есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін ауыстыру мақсатында бірнеше жоба қолға алынған.