Қатерлі ісікке қарсы отандық препарат сынақтан өткізілді
Қатерлі ісікке қарсы қазақстандық препарат клиникалық сынақтың бірінші кезеңінен сәтті өтті. 1-ші шілдеден тестілеудің екінші кезеңі басталды. Бұл туралы жобаға жетекшілік ететін биолог профессор Дос Сарбасов мәлімдеді.
Қазір онымен бірге бір топ ғалым препараттың тиімділігін арттыру үшін бар күшін салуда. Алғашқы нәтижелері де жаман емес. 6 науқастың ауруы өршуін доғарған. Ал біреуінің қатерлі ісігі 30%-ке кішірейіпті. Мышьяктың және төмен концентрацияда С витаминінің D түрін біріктіру арқылы жасалатын бұл препарат Америкада патенттелген. Ал елімізде эксклюзивті лицензиясы бар. «Енді бұдан да жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін оның дозасын бірте-бірте көбейту жоспарланып отыр»,- дейді ғалымдар.
Жансая Кәнкетаева, ғылыми қызметкер:
- Бірінші стадиясы өтті. 15 адам қатысты, көп емес. Енді біз бұл ДВС мен мышьяктың максималды қауіпсіз дозасын анықтау үшін қайтадан артқа жүріп, тышқандарда зерттеу жүргіземіз. Қауіпсіз дозасын анықтағаннан кейін қайтадан үлкен масштабты сынақтар өткізіледі.