Ақтөбе облысында 4 тарихи ескерткіш қайта қалыпқа келтіріліп жатыр
Ол үшін қазынадан 250 млн теңге бөлінген. Уақыт өте шөгіп, саз кірпіштен қаланған күмбезі қирай бастаған тарихи құндылықтардың бірі – «Қыз Әулие» кесенесі. Ол Қобда ауданының Талдысай ауылынан 12 шақырым жерде орналасқан Абат-Байтақ кешенінің бір бөлігі. Қорым аумағында 16-19-шы ғасырларға тиесілі 243 құлпытас бар. Бір-біріне ұқсамайтын ескерткіштердің композициялық және сәндік үлгілері тас қашау шеберлігінің нағыз шыңы. Оларды зерттеп, жаңғыртып, насихаттау үшін арнайы жол картасы бекітілді.
Фархад Досмұратов, ескерткіштерді қорғау орталығының директоры:
-Досжан Ишанда өткен жылы біз медресесін ескі суреттердің негізінде жасадық. Биыл ішіндегі мешітті жасаймыз және де мына Алға ауданындағы былтыр табиғи үлкен циклон болып құлаған, 1909 жылы салынған жел диірмені. Сол толығымен реставрациядан өтетін болады.