Қарағандыда ерлікпен қаза тапқан полицейдің есімі ұлықталды
Қарағандылықтар осыдан тура 17 жыл бұрын 130 оқушыны құтқарып қалған полиция қызметкері Қайрат Жұмабековты еске алды. Батырдың ерлігі ұмытылмайды.
«Алматы-Екатеринбург» тасжолында балалар мінген 3 автобусты инспектор Қайрат Жұмабеков пен Дмитрий Пугач қызметтік көлігімен бастап келе жатады. Кенет жүк көлігі қарсы бетке шығып, автобустарға қауіп төнеді. Қас қағым сәтте Жұмабеков жүк көлігіне кедергі жасап, өзін құрбан еткен еді.
Жантүршігерлік жағдайдың куәсі болған оқушылар бүгінде ержетті. Олар марқұмның отбасына алғысын білдірді. Қайрат Жұмабековтың артында 2 баласы қалған еді. Тұңғышы әке жолын қуды.
Ғалым Қайратұлы, Қ.Жұмабековтың ұлы:
- Әкемнің ерлігі туралы айта кетсек, ер азаматқа сай іс істеді. Кішкентай кезімнен бастап полиция қызметкері болуды армандадым, мақсат қойдым. Қазіргі таңда мақсатым орындалды. Батырдың ұлы екенімді мақтан етемін. Менің ойымша, әрбір азаматтың қолынан келе бермейді.