Халықаралық конференцияда Сағадат Нұрмағамбетовтың ерлігі жайында айтылды
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына биыл - 100 жыл. Бүгін елордада халықаралық конференция ұйымдастырылып, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманының соғыста көрсеткен ерлігі жайында кеңінен айтылды. Шараға арнайы Әзербайжан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан мен Ресейдің әскерилері шақырылған. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінен келген жауаптылар жыл бойы әскерде белсенді қызмет атқарған сарбаздар мен үздік оқыған магистранттарға арнайы төсбелгі табыстады.
Асқар Мұстабеков, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы:
-Өсіп келе жатқан буындарымызға патриоттық сезімін оятатын үлкен бір тәрбиелі өмір жолы болып табылады. Жоғарғы қолбасшымыз «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында биылғы жылды осы еліміздің егемендігіне үлесін қосқан тұлғалардың мерейтойларын атап өту жылы деген болатын. Соның шеңберінде біраз шара жоспарланып, сол шараның бірі - халықаралық ғылыми практикалық конференция.