Қостанай облысында 776 мың гектар алқапты үйірлі шегіртке жаулауы мүмкін
Қостанай облысында биыл 776 мың гектар алқапты үйірлі шегіртке жаулауы мүмкін. Мамандар осындай болжам айтты. Бұл өткен жылғы таралым аумағынан екі еседей көп. Өңірде зиянкестің ошақтарын анықтап, зерттеу көзделіп отыр. Шегіртке миграциясына жол бермеу жөнінде шекаралас өңірлермен келісімге сәйкес бірлескен жоспар бекітілген. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қомақты қаржы қаралып отыр. Ғалымдар шегірткенің көбеюі әрбір 11-12 жыл сайын қайталанып отыратынын айтады. Сол кезең биылғы жылға тұспа-тұс келіп тұр. Оған қоса ғаламдық жылынудың да, әсер етіп отырғаны рас.
Тілек Төлебаев, облыстық аумақтық инспекцияның бөлім басшысы
-Ел қазынасынан барлық облыстарға шегірткеге қарсы күреске 8,1 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржы қажетті көлемде химикаттар алуға, өңдеу жұмыстарын жүргізуге жеткілікті. Қазіргі кезде пестицидті жеткізу және химиялық өңдеу қызметін көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шарасы аяқталуға таяу.