Талдықорғанда ұрланған қаржыға мектеп салынды
Талдықорғанда жемқорлардан тәркіленген ақшаға салынған мектепке оқушылар қабылданып жатыр. Әзірге 600-ден астам бала құжатын тапсырған. Олар үшінші тоқсанда жаңа оқу ордасында білім алады. Аумағы 1600 шаршы метрден асатын ғимаратты салуға 3 млрд 600 млн теңге жұмсалған. Оның жартысы жемқорларлық фактісі бойынша істі болғандардан тәркіленген. Енді Ынтымақ, Жастар 2 және Үшінші бөлімше ықшам ауданының оқушылары білім алу үшін қалаға қатынамайтын болды.
Мерей Иманалиқызы, оқушы:
-Мектеп маған өте қатты ұнады керемет. Негізі осы Ынтымақ ауылында мектеп ашылады деген кезде қатты қуанған болатынбыз. Өйткені Зариядағы мектепке бару өте қиын болатын. Осы мектеп ашылғалы барлық оқушылар осында келіп, өте жақсы болды.
Сәуле Үсенова, №30 орта мектеп директорының міндетін атқарушы:
-Қазіргі таңда 21 мектептен 15 мұғалім завучымен оқушыларымен бірге конкурсқа қатыспай қабылданып отыр. Біз қазіргі кезде конкурс жариялап қойдық. Жұма күні конкурс комиссиясының отырысы болады. Біз 30 мұғалімге сұраныс беріп отырмыз. Бұйырса отыз мұғалім жұмысқа қабылданады.