Хабар телеарнасы

2025 жылы кітапханашылардың еңбекақысы 100% көтеріледі

Қазір олардың орташа табысы – 125 мың теңге. Бұл туралы салалық министрлік өкілі хабарлады. Ал ел кітапханашылары бүгін кәсіби мерекесін атап өтуде. Елдегі ең алғашқы кітапхана 152 жыл бұрын, дәл осы күні ашылған еді. Бүгінде кітапхана саны 11 мыңға жеткен. Оның 79% ауылды аймақта. Соңғы 5 жылдың өзінде, оларға арнап 4,5 млн кітап басып шығарылды. 

Қуат Бораш, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы:
-Орташа алғанда өңірлік көпшілік кітапхана ісі мамандарының төменгі жалақысы – 125 980 теңге, кітапхана басшыларының ең жоғары жалақысы 214 449 теңгені құрап отыр. Кітапханашыларды әлеуметтік қолдау бойынша айтар болсақ, 2022 жылдан бастап Президент жолдауына сәйкес кітапхана ісі қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын 25% өсіру кезең-кезеңмен жүзеге асуда.