Семейде жаңа ықшамаудан салынып жатыр
Ол үшін 50 шақты жер үй сүріліп, қожайындарына өтемақы төленді. Қазір жер қазылып, құрылыс жұмыстары басталып та кетті. Мұнда келесі жылы 1200 орындық заманауи мектеп бой көтереді. Ал алдағы 5 жылда қаланың солтүстік жағалау бөлігінде тағы бірнеше үй сүріледі. Онда көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынады. Жаңа ықшамауданның инфрақұрылымы заман талабына сай болмақ.
Димитрий Гариков, облыс әкімінің орынбасары:
- Жаңа мектеп салу мақсатында 46 жеке баспана сүрілді. Ол үйлердің жалпы құны 1 млрд 360 млн теңге. Жаңа ықшам ауданда бюджеттік мекемелер, конгресс-хол, стадион, 300 орындық емхана және жедел жәрдем станциясын салу жоспарланып отыр. Қалған бөлігіне инвесторлар есебінен көппәтерлі тұрғын үй салынады. Тағы бір ескерте кететін жағдай, мұнда келген инвестор тұрғындарға өтемақыны өзі төлейді.