Хабар телеарнасы

Каспий итбалығының популяциясын қалпына келтіруде нәтиже байқалмай тұр

Ол балық шаруашылығының дамуы азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін тілге тиек етті.

Сондықтан балық өнімдерін субсидиялау жұмыстарымен белсенді түрде айналысу маңызды. Өйткені балық шаруашылығының өндірістік және ғылыми базасы әлсіз. Сонымен қатар браконьерлікпен күрес, балық ресурстарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау деңгейі төмен. Осыған орай депутат балық өсіру шаруашылықтарын қайта құру қажет екенін алға тартты және балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасына жекелеген түзетулер енгізуді ұсынды. 

Дүйсенғазы Мусин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Каспий итбалығының популяциясын сақтау мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылуы келешекте, мемлекетаралық келісімдер негізінде, трансшекаралық қорық құруға негіз болады деп білеміз. «Акваөсіру туралы» заң жобасының қабылдануының жеделдетілуі, Су және Жер кодекстеріне және басқа да заңдарға түзетулер енгізу саланың дамуына жаңа серпін берері сөзсіз.