Астанада ауыл жастарының республикалық форумы өтті
Олардың бірі ауылдағы білім мен медицина мәселесін көтерсе, енді бірі шалғай мекендердің дамуына тоқталды. Ұйымдастырушылар: «Мұның бәрі Үкіметке жеткізіледі», — деп сендірді. Жиында тек ұсыныс айтып қана қоймай, өз ісімен өзгеге үлгі боп жүрген жастар да болды. Солардың бірі – жетісулық жас кәсіпкер медицинаға қажетті бұйымдар шығарумен айналысады. Алайда ол елімізде бизнеске әлі де кедергілер көп екенін тілге тиек етті.
Алмас Мұхаметов, жеке кәсіпкер:
- Бізде негізі тек қана жастар жұмыс істейді. Қазір сол 50-ден астам адам жұмыс істейді. Соның ішінде 90% жастар. Экспортқа Ресейге апарамыз, Қырғыстанға жібереміз. Жоспарымыз бұйырса сол Қазақстанмен жұмыс істеу. Себебі қазір мүмкіншіліктер бермей жатыр жұмыс істеуге Қазақстанда. Сол үшін біз қазір Қырғыстанмен, Ресеймен жұмыс істейміз.
Анас Баққожаев, «Атамекен» ҰКП президиумының мүшесі:
- Ұлттық экономика министрлігінің жанынан ауылдық аумақтарды дамыту бойынша жұмысшы топ құрылып жатыр. Көптен бері халықтың сұрап жүрген ұсыныстарын, іс-жобаларын жүзеге асыру үшін біз осы жұмысшы топқа кірсек, бізге идеялар керек. Осы тың идеяларды жинақтау үшін осы жастарды жинап отырмыз.