Қазақстандықтар балықты неліктен аз тұтынады?
Бірақ әзірге бұл тек бағдар ғана. Оның үстіне қазақстандықтар балықты аз тұтынады екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір адам жылына 16 келі балық өнімін тұтынуы тиіс деген кеңес береді. Біздің елде бұл көрсеткіш 4 келіден аспайды. Ал көршілес Қытай мен Ресей тұрғындары жылына 40 келіге дейін балық жейді. Есесіне Қазақстан жыл сайын 36 мемлекетке 30 мың тонна өнімді экспорттайды. Ал импортталатын тауар 43 мың тонна. Балық өнімдерін өндіру кәсіпорындары өкілдерінің айтуынша, осы шаруашылықпен айналысуда бірқатар кедергі бар. «Мәселен, қағазбастылық көп. Шикізат тапшылығы да бар», – дейді кәсіпкерлер.
Бақытжан Серманиязов, өндірістік кооперативтің басқарма төрағасы:
- Ең бірінші мәселе – шикізатты табу. Қазірде балықты Шардара, Арал, Балқаш және Атыраудан алып келеміз. Бірақ ол жетіспейді. Сол мәселені шешу үшін біз 2015 жылдан бастап балықты өсірумен айналыстық.
Мәрлен Тұсынәлі, балық өндірісі кәсіпорнының өкілі:
- Балық өндіруде қағазбастылық көп. Судың жағасына салуға тыйым салады. Балық өсіретін шаруашылықтар судың жағасына салмағанда, басқа қай жерге салады? Сол кедергілерді алса, балық шаруашылығымен айналысуға өте үлкен қолғабыс болатын еді.