Хабар телеарнасы

2025 жылы заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі

Президент Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы да айтылды. Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс. Депутаттар да ортақ істен шет қалмайтынына сенім білдірді. Жалпы 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Ал өткен білім күні Астанада 28 мың оқушыға арналған жаңа 15 мектеп ашылды. Оның 9-ы Мемлекет басшысының «жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясындағы тапсырмасына сәйкес бой көтерген. Білім ұялары жаңа талаптарға сай жабдықталған және тың әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Мәселен, Сарыарқа ауданындағы №106 орта мектепте жаңа технологиямен қамтылған арнайы оқу бөлмелері, екі спорт залы, үзіліс кезінде оқушылардың тынығуына арналған орындар бар. Мұнда екі ауысымда 4 мың бала білім алады. Тек бірінші сыныпқа 450 бала келді. Ал жыл соңына дейін елордада тағы 8 нысан ашылмақ. Оның алтауы «Жайлы мектеп» жобасы аясында пайдалануға беріледі.

Гүлсан Жаманқараева №106 орта мектебінің директоры:
-Мұғалімдерімізді бұйрық бойынша конкурстарға, талапқа сай қабылдадық. Қазіргі таңда мұғалімдеріміздің саны – 160. Біздің мектебіміз үш ауысымда оқитын мектептерден алынды. Оқушылардың барлығы осы маңайдағы, өйткені қолжетімді. Ешқандай автобуспен қатынамайды. 

Гүлжан Маханова, ата-ана:
-Бізге ата-ана ретінде жаңа мектеп қатты ұнады. Сондай әдемі жабдықталған және өте кең. Енді баламыз өте жақсы білім алып, ата-ана және ұстаздарының үмітін ақтап, ел азаматы болады деп сенеміз.