Канаданың Альберта өңірінде орман өрті өршіп тұр
Тілсіз жау мұнай өндірілетін Форт-Мак-Мюррей қаласына таяп қалды. 6 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Желдің екпіні басылатын түрі жоқ. Егер бағыты өзгермесе, қалаға үлкен қауіп төнеді. Биыл Канадада қыс жылы болып, қар аз жауған еді. Осыған байланысты мамандар орман өрттері жиілей түсетінін алдын ала ескерткен болатын.