Индонезияда жүйрік теміржол бағыты іске қосылды
Шетелдік сарапшылар, «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ауқымдылығы мен маңыздылығы туралы айтып жатыр. Айтпақшы, жоба аясында Индонезияда Оңтүстік-Шығыс Азиядағы алғашқы жүйрік теміржолы іске қосылды. Ол ел астанасы Джакарта мен төртінші ірі қала Бандунг арасында қатынайды. Сағатына 350 шақырым жылдамдықпен қозғала алатын пойыздар жылына 40 миллиондай жолаушыны тасымалдайды. Ал таза энергия саласындағы ең ірі компаниялардың бірі Сауд арабиялық Акуа Пауэр компаниясы осы бастама арқасында соңғы 10 жылда көптеген жобаны жүзеге асырды. Айта кету керек, осы компания Қазақстанда жел электр станциясын салатын болды.
Мохаммад Әбунайян, энергетика бойынша сарапшы:
-«Бір белдеу, бір жол» бастамасы адамдардың тұрмысын жақсартуға арналған. Бүкіл әлем оның әлеуметтік пен экономикалық әсерін сезіп отыр. Осы бағдарлама аясында серіктестерімізбен бірге инфрақұрылымдық жобаларға, жаңғыртылатын қуат көздері, теңіз суын тұщыландыру мен жасыл сутегіне 30 миллиард доллардан аса инвестиция құйдық. Осының арқасында 100 милионнан астам адамды электр энергиясы мен сумен қамтып отырмыз.