Хабар телеарнасы

«Хабар» Агенттігі мен Vietnam Television (VTV) Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

«Хабар» Агенттігі мен Vietnam Television (VTV) Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына сапары аясында «Хабар» Агенттігі мен Вьетнамның ұлттық хабар тарату медиакомпаниясы Vietnam Television (VTV) Өзара түсіністік туралы меморандум жасасты.

Құжатқа «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Уәли мен VTV Бас директорының орынбасары Динх Дак Винх қол қойды.

Меморандумның мақсаты - әріптестік қатынастарды дамыту. Яғни, жаңалықтар, телебағдарламалар мен өзге де телеөнімдермен алмасу, бірлескен жобалар жасау, тәжірибемен бөлісу. Сонымен қатар, фестиваль, телевизиялық байқаулар сияқты мәдени іс-шараларға қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

«Әлемдегі 12 елдің ірі медиакомпанияларымен меморандум жасасып, тиімді серіктестікті жолға қойған «Хабар» агенттігі бұл бағыттағы жұмысты әрі қарай да жалғастыра бермек. Бүгін, міне, Vietnam Television-мен контент алмасып, тәжірибе бөлісуге келістік. «Хабар» мен VTV-дің өзара тығыз серіктестігі барлық тарапқа тиімді, пайдалы болары сөзсіз», -деді Берік Уәли.

Бұған дейін «Хабар» мен VTV Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағына (АBU) мүше компаниялар ретінде әріптестік байланыста болған. Қос тарап та АBU Әкімшілік кеңесінің құрамына кіреді. Вьетнамдық әріптестер «Хабармен» ынтымақтастық туралы меморандум жасау туралы ұсынысын АBU-дың 59-шы Бас Ассамблеясында (2022 жылы) білдірген болатын.

Анықтама үшін: VTV (Vietnam Television) - Вьетнам Социалистік Республикасының ұлттық медиакомпаниясы. Вьемнамдағы 10 хабар тарату арнасы және жалпыұлттық кабельдік жүйесі бар ең ірі компания. Қазіргі уақытта VTV өз елінде ғана емес, Лаос, Қытай, Таиланд сияқты елдерде хабар таратады. Сондай-ақ, әлемнің басқа мемлекеттеріндегі спутниктік және радио ағынды қосымшаларда көптеген платформаларда бар.

 

Қосымша ақпарат үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. , 8 (705) 155-82-84

www.khabar.kz| facebook.com/ KhabarTV | twitter.com/KhabarTV |  Instagram.com. KhabarTV