«Хабар» Агенттігі мен Қытайдың СМG Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«Хабар» Агенттігі Қытай Халық Республикасының телерадио хабар тарату медиа-компаниясымен – СМG-мен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Құжатқа Қазақстан Республикасы Президентінің Сиан қаласына сапары барысында «Хабар» АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли және China Media Group компаниясының президенті Шен Хайсионг қол қойды.
China Media Group (СМG) – Қытай Халық Республикасында радио және телехабар таратуды қамтитын басты мемлекеттік медиа-компания. Ол 2018 жылы Қытай орталық теледидарын қоса алғанда, барлық мемлекеттік холдингтік медиа кәсіпорындардың бірігуі ретінде құрылған.
«Мақсатымыз – Агенттік телеөнімдері мен брендін жаңа нарыққа шығарып, ілгерілету. Тиісінше, кәсіби, техникалық тұрғыдан алғанда тәжірибе мен қатар телеөнімдерімізбен алмасу. Қытай телевизия саласындағы әріптестермен Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы қатарында кездесіп тұрамыз, бүгінде Қытайдың бұл алпауыт компаниясымен екіжақты қарым-қатынас орнатуға септігін тигізетін құжатқа қол қойғанымыз – әрине қуантарлық ісшара. Біз оңтайлы қарым-қатынас орнатуды көздеп отырмыз», – деді «Хабар» Агенттігі АҚ Басқарма Төрағасы Берік Уәли.
Қосымша ақпарат үшін:
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. , 8 (701) 632-36-23
www.khabar.kz| facebook.com/ KhabarTV | vk.com/ KhabarTV | twitter.com/KhabarTV| Instagram.com. KhabarTV