Хабар телеарнасы

«Хабар» басшысы Монғолия делегациясымен кездесті

«Хабар» басшысы Монғолия делегациясымен кездесті

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Уәли Моңғолиядан келген делегация өкілдерімен кездесті. Делегация құрамында Моңғолияның Қазақстандағы елшісі Дорж Баярхуу, «Ulaanbaatar broadcasting systems» ЖСС Бас директоры Балхжав Лхагвадорж, «UB Pictures» қоғамының төрағасы Долгион Дарибазар және өзгелер болды.

Кездесу барысында тараптар Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, телевизиялық хабар тарату және контент алмасу саласындағы өзара байланысты кеңейту мәселелерін талқылады.

«Қазақ және моңғол халықтарының арасында ортақ дүние көп: мәдени құндылықтар мен тарихи мұра, сауда-экономикалық байланыстар. Хабар тарату және мәдени-гуманитарлық салада да өзара ынтымақтастықты нығайтуымыз керек», - деді «Ulaanbaatar broadcasting systems» ЖСС Бас директоры Балхжав Лхагвадорж.

Тараптар «Хабар» Агенттігі мен «UB Pictures» арасында медиа контент алмасуға, сондай-ақ бірлескен көркем фильмдер мен сериалдар түсіруге қызығушылық танытты.

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Уәли өз кезегінде Агенттік шығарған телехикаялар мен фильмдер Қазақстанда ғана емес шет елдерде де танымал екенін атап өтті. Дистрибуция жолдарын шетелдік серіктестермен бірлесіп дамытып келеді. «Хабар» қорындағы түрлі форматтағы телеөнімдер  талғамы жоғары көрермендердің көңілінен шығып отыр.

«Хабар» АҚ басшылығы мен моңғол делегациясының өкілдері екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға және жасасқан меморандум шеңберінде жұмысты жандандыруға келісті.

 

Қосымша ақпарат үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. , 8 (705) 155-82-84

www.khabar.kz| facebook.com/ KhabarTV |  twitter.com/KhabarTV |  Instagram.com. KhabarTV