Алматыдағы Тұңғыш президент қорында «Мәңгілік полк» шеруі өтті
Ал концерт залында 100-ші атқыштар дивизиясының командирі болған Сұлтан Жиенбаев пен қарт жауынгер Леонид Гирш жастарға естелік айтты. Кейін ардагерлер Лермонтов театрының әртістері мен эстрада жұлдыздарының «Әрқашан бейбітшілік» деп аталатын театрландырылған музыкалық концертін тамашалады.
Салық Бектеміров, ҰОС ардагері:
- Өзім әуе десантымын. Үшінші Украин полкінде Венгрия мен Австрия және Чехославакияны азат етуге қатыстық. Біздің көргенімізді кейінгі жас ұрпақтың басына бермесін деп тілеймін. Елімізде әрқашан тыныштық пен бейбітшілік болсын!