Жыл басынан бері интернет алаяқтық бойынша 5 мыңға жуық дерек тіркелді
Желіде де қауіпсіз емес. Жыл басынан бері интернет алаяқтық бойынша 5 мыңға жуық дерек тіркелді. Шамамен 188 млн теңге шығын қайтарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев хабарлады. Көбіне қазақстандықтар интернет сауда жасаймын деп алаяқтардың құрығына түседі. Тек 3 айда осындай 1 мың 300-ге жуық факт анықталған. Банк қызметкерлерінің атын жамылып, хабарласатындар да көбейген. Сондықтан Ішкі істер мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері бірлескен жобаны қолға алды. Осылайша, жалған нөмірлерден хабарласқан 45 млн қоңырауға тосқауыл қойылды.
Шыңғыс Әлекешев, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:
-Биыл біз Қазақтелеком АҚ бірлесіп, шетелдік қызметкерлер жасайтын телефон алаяқтарына қарсы іс-қимылдың жаңа техникалық әдісін енгіздік. Енді IP және SIP-телефония пайдаланатын елден тыс жерде орналасқан алаяқтар ҚР азаматтарының қалалық абоненттік нөмірлеріне қоңырау шалып, өздерінің қылмыстық мақсаттарын жүзеге асыра алмайды. Арнайы жүйе олардың қоңырауларын танып, бірден бұғаттайды.