Хабар телеарнасы

Ерлан Қарин Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселесі қаралды. Ерлан Қаринның айтуынша, кейінгі 5 жылда көк құжаттан бас тартқан адамдардың саны азайып келе жатыр және бұл үрдіс Қазақстан азаматтығы институтының беделі арта түскенін айғақтайды. Мысалы, 2019 жылы мұндай тұлғалардың саны 1,7 мың болса, 2020 жылы 944, 2021 жылы 123, 2022 жылы 114-ке азайды. Былтыр 107, ал биыл небәрі 30 адам азаматтықтан шықты.