2025 жылы банктер туралы жаңа заң қабылданады
Келер жылы банктер туралы жаңа заң қабылданбақ. Бұл - экономиканы ырықтандыру аясында атқарылатын шаралардың бірі. Бұл үшін қазір еліміздегі екінші деңгейлі банктер арасында түрлі пікірталас өтіп жатыр. Заң жобасы шамамен 2025 жылдың орта шенінде дайын болмақ. Бұл туралы Алматыда өтіп жатын қаржыгерлер конгресінде белгілі болды. Құжат қаржы нарығында еркіндіктің пайда болуына ықпалын тигізуі тиіс.