Ақмола облысында 20 шырша мен 40-қа жуық терек отырғызылды
Ақмола облысы Бабатай ауылындағы балалар ауласының айналасына 20 шырша мен 40-қа жуық терек отырғызылды. Сондай-ақ елді мекен аумағынан 15-18 мың текше метр қоқыс шығарылған. «Таза Қазақстан» науқанына жұмылдырылған белсенділер қатарында «Жасыл ел» еңбек жасағы мен аудандық мәслихат депутаттары және жастар ұйымдарының өкілі бар. «Баланы табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстауға баулуды тал бесіктен бастау керек»,– дейді ауыл ақсақалдары.