Хабар телеарнасы

Семейде ескірген газгольдерлер сүріліп жатыр

Семейде елу үш аулада ескірген газгольдерлер сүріліп жатыр. Ол үшін жергілікті бюджеттен 12 млн теңге бөлінген. Осыған дейін қала тұрғындары көгілдір отын желісінен ақау шықты ма деп қауіптенген болатын. Өйткені бірнеше ауданда қолқаны қабатын жағымсыз иіс таралған еді. Алайда мамандар қауіпсіздік шаралары сақталған, алаңдауға негіз жоқ деп отыр.

Диана Шаяхметова, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Бұл құбырлар жерге көмілгелі 20 жыл өтсе де газдың иісі бәрібір болады. Былтыр 63 газголь сүрілді. Дәл осылай алғашында тұрғындар жағымсыз иіске шағымданған. Қала халқынан сәл шыдамдылық танытуды сұраймыз. 2-3 күнде жағымсыз иіс кетеді.