Хабар телеарнасы

World's Top Exports талдау агенттігі мұнайды экспорттаушы 15 мемлекеттің рейтингін ұсынды

Мұнай экспортынан өткен жылы еліміз 42 млрд доллардан астам пайда тапты. World's Top Exports талдау агенттігі қара алтынды экспорттаушы 15 мемлекеттің рейтингін ұсынды. Оған сәйкес әлемдік шикі мұнай саудасының 85% астамы 15 мемлекеттің еншісінде. Аталған рейтингте Қазақстан 11-ші орында. Агенттік сарапшылары өткен жылы ең көп экспортталатын бағалы өнім мұнай шикізаты деген байламға келіп отыр. Дегенмен оның жалпы көлемі алдыңғы жылдармен салыстырғанда азайып келеді.

Халықаралық WORLD’S TOP EXPORTS сайтының мәліметінше, өткен жылы әлемде 1,3 трлн долларға жуық сомаға шикі мұнай экспортталған. Еліміз 70,7 млн тонна қара алтынды экспортқа шығарыпты. Ақшаға шаққанда 42,3 млрд АҚШ доллары. Осылайша Қазақстан экспортташуы елдер тізімінде 11-ші орынға тұрақтаған. Мұнай экспорттаушы елдердің үштігіне келсек, рейтинг көшін 210,6 млрд доллармен Сауд Арабиясы бастап тұр. Екінші орында 117 млрд доллардан астам сомаға мұнай сатқан - Ресей. Үштікті осындай көлеммен АҚШ түйіндейді.