Щучинскіден елордаға қарай 285 көлік бет алды
Олардың арасында жолда 2-3 тәулік бойы түнеуге мәжбүр болған жүк көліктерінің жүргізушілері де бар. Аталған бағыттағы тасжол 26 қаңтардан бері жабық тұр. Әрбір 30 көлікті бір патрульдік машина бастап келді. Ал керуеннің басында қар тазалайтын арнайы техника жүріп отырды. Жол жүру қауіпсіздігін жүргізушілерге аймақтың бас полицейінің өзі ескертіп, әрқайсысын жеке-жеке жолға аттандырды.
Ерлан Құдабаев, жүргізуші:
- Қостанайдан келе жатырмыз. Үшінші күн тұрмыз. Төтенше жағдай және әкімшілік қызметкерлері келді. Екі күн бұрын ешкім болмаған. Мынау экипаж ғана тұрды. Жолды жауып тастады.