Атырауда жол апатына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
Жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан 17 жастағы колледж студенті қаза тапты. Қатты соққыдан апатқа түскен бозбаланың бір аяғы жұлынып кеткен. Кейін белгілі болғаны Toyota және Mercedes автокөліктерін тізгіндегендер бағдаршам мен жол белгілеріне қарамай, жарыс ұйымдастырған. Қоғамды дүр сілкіндірген оқиға сол күннен бастап облыс прокурорының қадағалауына алынған болатын.
Жанболат Туғанбаев, облыс прокурорының бірінші орынбасары:
- Қазіргі таңда іс тергеліп бітті. Сотқа жолданды. Заңды шешім сотпен қабылданатын болады. Mercedes автокөлігінің жүргізушісіне қатысты полиция органдарымен әкімшілік іс қозғалып, жауапкершілікке тартылды. Ешкім де жауапкершіліктен жалтармайды.