«Хабар» арнасы көрермендеріне «Жаңа күн» атты мерекелік бейнеклип ұсынады
Жылдағы дәстүр бойынша концерттер мен қызықты бағдарламалар дайындалып жатыр. Бұған қоса «Жаңа күн» атты бейнеклиптің түсірілімі басталды. Оның ерекшелігі Ұлыстың ұлы күні жаңа сипатта көрсетіледі. Сондай-ақ жоба авторлары 7 түрлі музыка стилін таңдап, оны бір арнаға тоғыстырған.
Динара Сұлтан, әнші:
- Өте ерекше ән. Оның ішінде опера да, дәстүрлі әншілеріміз де бар. Мені заманауи бағытта айтады деп шақырды. Әр әртіс өзінің үлесін қосып жатыр.
Осындай қызықты да күрделі сюжет арқылы жоба авторлары қазақ халқының отбасылық құндылықтары мен қонақжайлылық қасиетін насихаттайды. Түсірілім жұмыстарына отандық эстрада жұлдыздары мен «Хабар» Агенттігінің жүргізушілері қатысады. 4 минутқа созылатын «Жаңа күн» бейнеклипін 14 наурыз күні арнамыздан көре аласыздар.