Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының XVIII съезіне қатысты

Еліміздің әр түкпірінен, облыс орталығы мен ауылдан келген азаматтар Президент осыған дейінгі мәлімдемесінде «ұсынамын» деген халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру туралы жаңа бағдарламасын асыға күтті. Әр сөзін құлағына құйды, көкейіне түйді. Себебі жергілікті жерлерде жүзеге асырулары тиіс болады. Ал атқарар жұмыс көп. Тапсырма артығымен берілді.

Биылғы съез әдеттегідей істеген шаруалар үшін, алғыс алып, марқайып кету емес, кем-кетігімізді түзетіп, жоқ-жітігімізді жамап, әр қазақстандықтың мемлекет көрсетіп отырған игілікті дәл қазір, осы сәтте сезінуі үшін күш салу туралы. Осылайша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының XVIII съезінде әлеуметтік қолдау мен тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шара ұсынды және сол шараларға жұмсалатын қаржының көлемі де жария болды. Қазақстан халқының тұрмысын түзеуге 2 трлн теңге жұмсайды.

Негізгі отырыс басталар алдында Елбасы Nur Otan партиясының қазіргі жұмысына, партияны жаңғыртуға және оның тарихына арналған арнайы көрмені аралады. Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқына арналған Жолдау мен «Бес әлеуметтік бастаманың» іске асырылу барысына мониторинг жүргізудің жаңа жүйесі, сондай-ақ партия жобаларын жүзеге асырудың нәтижелері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар Қазақстан Президентіне жаңа «Цифрлық партия» жүйесінің мүмкіндіктері таныстырылды.

Nur Otan элитаның емес, бұқараның партиясына айналуы тиіс. Алғашқы съезде Нұрсұлтан Назарбаев осылай деген болатын. Бүгінде ол нағыз бұқаралық құрылымға айналды. 1 млн-нан астам мүшесі бар еліміздегі ең әлеуетті жалпыұлттық ауқымды партияның қатарында қарапайым мұғалім, металлург, спортшы мен әнші де бар. 20 жыл аз уақыт емес. Осы ретте Президент партияластарына алғысын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, Nur Otan партиясының төрағасы:

- Тарих өлшемімен қарағанда бұл көп уақыт емес, бірақ біз үшін тұтас дәуірге пара-пар. Ғасырлар тоғысындағы күрделі экономикалық жағдай тез арада дұрыс таңдау жасауымызды талап етті. Тәуелсіздігімізді нығайтып, мықты мемлекет құру үшін бізге батыл әрі маңызды реформалар жасау керек болды. Әйтпесе өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қоятын едік. Осындай ұлы мақсатты көздеген Nur Otan партиясы халықтың сенімін ақтап, орнықты ілгерілеуімізді қамтамасыз ететін бірден-бір саяси күшке айналды. Сындарлы жылдарда жанымнан табылып, биік белестерді бағындыруға атсалысқан партияластарыма алғысымды білдіремін!

 

«Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасы

Алғыс айтудың жөні бар. 20 жылдық жылнамада Қазақстанның экономикасы еселеп өсті. Сыртқы сауда 9, азаматтардың кірісі 16 есеге артты. Қазақстандықтардың ең бір жанды жері баспана мәселесі шешімін тауып келеді. Күні бүгінге дейін 141 млн шаршы метр үй тұрғызылған. Жаңа аурухана, мектеп, колледжер мен балабақшалар бой көтерді.

Президент: «Мұның бәрі – халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі», – деді. Бүгін съез барысында партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қаралды. «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» деп аталатын бағдарлама партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен құрылған. Бағдарламаның бағыттары Елбасының жаңа әлеуметтік доктринасын іске асыруға арналады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, Nur Otan партиясының төрағасы:

- За перспективами будущего мы не должны забывать о текущих задачах. Наш главный приоритет – это обеспечение уровня жизни граждан и развитие Казахстана, как социально-ориентированного государства. Даже в самые сложные периоды мы выполняли свои социальные обязательства. Уровень социальных расходов в стране всегда был высокий, и в дальнейшем он будет последовательно расти. В рамках различных программ, проектов и инициатив нами осуществляются масштабные социальные инвестиции. Мы должны не снижать расходы на развитие и помогать нуждающимся. В текущем году на социальную сферу направлено более 45% от всех расходов республиканского бюджета. В то же время у нас обозначились определенные диспропорции и ряд проблемных точек в социальном блоке. В этой связи я принял решение о выделении средств из Национального фонда на повышение качества жизни и благосостояния наших граждан. Правительство должно правильно администрировать расходы, выделяемые на эти цели.

Бұл съезді әрбір қазақстандық асыға күтті десе болады. Себебі 21 ақпандағы мәлімдемесінде Мемлекет басшысы осы съезде әлеуметтік қолдау мен азаматтардың тұрмыс сапасын арттыратын бірқатар шара ұсынамын деген. Президент ұсынды.

 

1 шілдеден бюджеттік қызметкерлердің жалақысы атқаратын жұмысына қарай 25-30% артады

Сонымен осы жылдың 1 шілдесінен бастап мұғалім, дәрігер сынды яғни бюджет қызметкерлерінің айлығы 30% артатын болды. Ал халықпен тікелей жұмыс істейтін атқарушы орган өкілдерінің жалақысы 25% көбейеді. Бұл мақсатқа алдағы екі жылда 980 млрд теңге бөлінбек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, Nur Otan партиясының төрағасы:

- Повышенное внимание нужно уделить малообеспеченным категориям граждан и многодетным семьям. Каждая казахстанская семья должна почувствовать результаты проводимых реформ уже сегодня, а не в отдаленном будущем. Особенно считаю необходимым усилить меры поддержки нашим многодетным семьям. Сегодня в стране порядка 340 тысяч семей имеют более 4-х детей. Поручаю Правительству для расширения охвата малообеспеченных семей, особенно многодетных, повысить критерий оказания адресной помощи до 70 процентов от прожиточного минимума. Для адресной поддержки семей с детьми, имеющих право на получение адресной социальной помощи, установить минимальную выплату на каждого ребенка в многодетных семьях, в сумме 20 789 тенге.

 

Көпбалалы отбасына әр балаға атаулы әлеуметтік көмек кемінде 20 789 теңге болады

Ел бойынша 100 мың ата-ана мүгедек баланың күтімінде отыр. Президент олардың жәрдемақысын 30% көбейтуді тапсырды. Бұл мақсатқа 300 млрд теңге бөлінеді.

 

Көпбалалы отбасыларға 40 мың арендалық пәтер беріледі

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасыларға «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 40 мың арендалық пәтер беруді тапсырды. Бұл мақсатқа алдағы 7 жылда қосымша 50 млрд теңге бөлініп отырады. Президент көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар табысы төмен отбасылар үшін баспананы қолжетімді етуді тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, Nur Otan партиясының төрағасы:

- Также следует повышать доступность приобретения жилья для многодетных и неполных семей, семей с детьми с ограниченными возможностями, имеющих низкие доходы. Для этой категории граждан поручаю разработать льготный механизм предоставления жилищных займов под 2-3 процента годовых через систему жилстройсбережений. На эти цели Жилстройсбербанку будет выделяться ежегодно по 50 миллиардов тенге. Реформы в образовании нужно довести до логических результатов. Современные реалии требуют развития у наших детей новых навыков и компетенций. Расходы на службу общественного здравоохранения и первичную медико-санитарную помощь должны быть увеличены с 40 до 60 процентов от общего объема финансирования здравоохранения. Это – практика всех развитых стран мира. Поручаю дополнительно выделить на развитие сферы здравоохранения порядка 120 миллиардов тенге. В результате повысится качество и доступность оказания стационарной медицинской помощи в 7 регионах с охватом порядка 100 тысяч пациентов в год.

 

Жергілікті жердегі жол құрылысына 350 млрд теңге бөлінеді

Өңірлерді дамыту. Елбасы екпін қойған тағы бір мәселе. «Халыққа жақын болыңдар», – деді тағы да Президент. Әкімдердің жылына халықпен бір-ақ рет кездесу тәжірибесін сынады.

Жергілікті жерде жол құрылысына 350 млрд теңге бөлінеді. Бұл ақша дұрыс игерілсе, 2025 жылға дейін облыстық және аудандық деңгейдегі жолдардың 95% жақсартуға сеп болады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, Nur Otan партиясының төрағасы:

- Для решения проблем окраин крупных городов – Астаны, Алматы и Шымкента будет выделено дополнительно 90  миллиардов тенге на 2019-2021 годы. На развитие малых и моногородов будет также ежегодно предоставляться дополнительно по 10 миллиардов тенге в ближайшие три года. Важнейшими приоритетами выступают обеспечение доступа всех жителей страны к чистой питьевой воде и проведение масштабной газификации. На обеспечение водоснабжения и водоотведение поручаю дополнительно выделить 140 миллиардов тенге. Это позволит решить проблемы в этой сфере для более 2,2 миллионов человек. Поручаю также дополнительно выделить около 190 миллиардов тенге на газификацию и электроснабжение. Эти меры позволят охватить газоснабжением 1,1 миллион человек, а также значительно повысить надежность регионального электроснабжения. Поручаю Правительству предусмотреть для этих целей порядка 920 миллиардов тенге на 2019-2021 годы.

 

«Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға 2019-2021 жылдары 90 млрд теңге бөлінбек

Осы істердің барлығы Nur Otan партиясының жіті бақылауында болады. Президент елдің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға арналған «Құтты мекен» партиялық жобасын жасауды тапсырды. Соның арқасында 7,5 млн ауыл тұрғынының тұрмысын түзеуге болады.

Съез барысында Елбасы: «Ауылдарды өсу нүктесіне айналдыру керек», – деді. Қазақстанның кез келген ауылында табыс табуға, лайықты өмір сүруге болады. Осы орайда Мемлекет басшысы Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырды.

Ол үшін 2019-2021 жылдары 90 млрд теңге бөлінбек. Яғни осы қаржы үй салуға, жол төсеуге, әлеуметтік нысандар салып, шағын және орта бизнесті дамытуға жұмсалмақ. Сонда ғана жастар ауылда қалады, халық қалаға көшпейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, Nur Otan партиясының төрағасы:

- Все указанные выше направления и проекты имеют комплексный характер, связаны с долгосрочными целями партии и уже скоро принесут осязаемую пользу людям. На их реализацию в ближайшие три года из бюджета дополнительно будет выделено более 2 триллионов тенге. Также нужно выделить из Национального фонда дополнительно 1 триллион 350 миллиардов тенге в течение 2019-2021 годов. Как вы знаете, у нас произошла смена Правительства, состав которого обновился на 70 процентов. Новому кабинету министров, всем акимам нужно немедленно приступить к реализации озвученных мной поручений. Каждый член Правительства и акимы будут нести персональную ответственность и лично отвечать за результаты работы.

 

Экономикалық даму әлеуметтік жағдайды жақсартумен тікелей байланысты

Бұл ретте партияға да артылған міндет аз емес. «Халыққа көмек» жобасы аясында қарапайым қазақстандықтардың мұң-мұқтажын, арыз-талабын мұқият тыңдауға шақырды. Партияның қоғамдық қабылдауларының жұмысын күшейтіп, азаматтардың арызын бюрократияға айналдырмай, тап сол жерде шешіңдер деп нықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, Nur Otan партиясының төрағасы:

- В этой связи я поручаю Nur Otan совместно с Администрацией Президента создать Центр оценки эффективности и мониторинга реализации государственных программ и реформ. Нужно на партийной площадке ежеквартально проводить заслушивания ответственных государственных органов о ходе реализации госпрограмм. Отчеты будут докладываться мне.

Партия – қоғамның қиыс кетіп бара жатқан тұсын түзеп, жөнге салып отыратын, тікелей Президент тапсырмасымен жұмыс істейтін бірегей құрылым. Ендігі міндет – партияның абыройын аласартпау және ол ауқымды акциялар мен орталықтағы науқандармен танылмауы керек. «Nur Otan – халықтың партиясы», – деді Президент. Сондықтан жер-жерде халықпен ашық әрі жақын диалог орнатуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, Nur Otan партиясының төрағасы:

- Мемлекеттің қуаттылығы экономиканың даму қарқынымен және тұрғындардың тұрмыс сапасымен өлшенеді. Сондықтан мен өзіме сенім артқан халқымның болашақта емес, қазір бақытты болғанын көргім келеді. Біздің ұстанымымыз – татулық пен тыныштық, ұранымыз – береке мен бірлік. Тәуелсіз Қазақстанның арқа сүйейтін тірегі – баянды бейбітшілік пен келелі келісім! Бас партия болу дегеніміз – басқару емес, елге адал қызмет ету! Біз – халық бірлігінің партиясымыз. Бүгінгі съез Қазақстанды дамытудың жаңа кезеңіне жол ашады. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына бауырымыз бүтін, аман-есен, мол табыспен жете берейік! Әрекет ететін кез келді, ағайын!

Қазіргі Қазақстанды барынша қуатты, ал қазақстандықтарды әлеуметтік жағынан әлді етуге әркімнің әрекет еткені керек және бұл мүддеде мүлт кетпеген абзал.

Гүлжан Марқабаева, тілші:

- Мен қазақстандықтардың қазір бақытты болғанын көргім келеді. Бүгін Мемлекет басшысы көкейіндегі арманын жеткізді. Әрине, кез келген Мемлекет басшысына өз халқының шат-шадыман күй кешкені керек және ол ертең немесе арғыкүні емес, дәл бүгін, дәл қазір орындалса игі. Халықтың әл-ауқатын арттыруға қомақты қаржы бөлуге Елбасы тапсырма берді. Сонымен қатар бұл қаржының шарапатын әр отбасы, әр қазақстандық сезінуі тиіс. Бұл ретте үміт жаңа құрылған Үкіметте, ал оны қадағалау Nur Otan партиясының еншісінде.

Авторлары: Гүлжан Марқабаева, Әлібек Әлиев