Биыл Қазақстан мен Беларусь арасындағы алыс-беріс $600 млн-ға жетті
Премьер-министр Олжас Бектенов Минск қаласында Беларусь Премьер-министрі Роман Головченкомен келіссөздер жүргізді. Кездесуде ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Оның ішінде бидайды терең өңдеу, құрылыс индустриясы, көлік, IT саласы мен туризм жобаларына баса назар аударылды.
Екі ел арасындағы өзара сауда көлемі биылғы 8 айда 600 млн доллар болды. Келіссөздер нәтижесінде екі елдің Үкіметтері арасындағы бірлескен жобалар пулын толықтыруға және іскер топтар арасында тығыз байланыс орнату жөнінде 2025-29 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасына және басқа да бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды.