Хабар телеарнасы

Қостанай облысында «Үздік аула» байқауы жарияланды

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында «Үздік аула» және «Таза аумақ» байқауы жарияланды. Оған аудан аумағындағы 32 елді мекеннен 44 отбасы қатысуға өтініш берген.

Байқаудың мақсаты – халықты тазалық сақтауға үндеу. Жалпы сәуір айынан бері ауылдарда бірнеше мәрте тазалық науқаны ұйымдастырылып, 9 мың тонна қоқыс шығарылған.