СҚО мен Түркістан облысының халқы «Таза Қазақстан» шарасына қатысты
Бүгін Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылындағы көшелер мен жаяу жүргіншілер жолы тазартылып, 15 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Ағаштардың түптері әктеліп, ретсіз өскен бұталар мен қураған шөп шабылды.
Ал Петропавл жастары ядролық сынақ құрбандарына арналған ескерткіш маңын жинап, айналасын күл-қоқыстан тазартты. Орталық көшеге шығып, тұрғындардың қолындағы целлофан пакеттерді қағаз қапшықтарға ауыстырып, тәттілер таратты. Бос пластик бөтелкелерге арнайы жәшіктер қойды.
Жұлдыз Тоқтарғазы, облыстық Жастар ресурстық орталығының маманы:
- Пластикалық құмыралармен, бөтелкелермен, пластикалық полиэтилен пакеттердің табиғатқа өте зиянын халық біле білгенмен, түп төркініне жете бермейді. Сондықтан өтіп бара жатқан халық қолындағы поэтиленді пакеттерін кәдімді экологиялық, экологияға ешқандай зияны жоқ, қолдан тігілген дорбаларға, экопакеттерге ауыстырады.