Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылуы мүмкін. «Негізінде...»
7-20-25 бағдарламасы аяқталған соң, орта таптағы азаматтарға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылуы мүмкін. Бірақ оның проценттік мөлшерлемесі 11% төңірегінде. Нарықтағы проценттен 7-8% төмен.
«Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ төрағасы орынбасары Олжас Салықовтың сөзінше, 7-20-25 бағдарламасы тоқтатылған соң, жаңа жоба өз жұмысын бастайды. Әлі өмірге келе қоймаған ипотекалық бағдарламаның құжаттары толыққанды әзірленбеген. Бір белгілісі, ол әлеуметтік емес және жеңілдетілген несиемен берілмейді.
Жаңа ипотекалық бағдарламаның бастапқы жарнасы – 20%. Ал несие мерзімі – 20 жыл. Сыйақы мөлшерлемесі шамамен 11% төңірегінде. Қалғанын мемлекет субсидиялайды.