Есірткі – қоғам дерті. «Бүгін»
Біріккен ұлттар ұйымының мәліметінше, соңғы 10 жылда есірткіге тәуелді адамдардың саны 22% өскен. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы – болашақ ұрпақтың жағдайына қауіп төндіретінін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған Жолдауында ерекше атады. Елімізде жыл сайын нашақорлыққа қарсы түрлі деңгейдегі шаралар өткізіледі. Жасөспірімдерді есірткіден сақтау, нашақорлықтың алдын алу, дәріханаларда психотроптық таблеткаларды сатуға тыйым салу сынды жұмыстар жүргізілуде. Десе де бұл жұмыстар аса нәтижелі емес секілді. Өйткені республика бойынша 18 жарым мың адам нашақорлық бойынша тіркеуде тұр. Ал тіркелмей жүргені қаншама? Есірткіге тәуелділік неден туындайды? Нашақорлық емеделе ме?
Студия қонақтары:
1. Талғат Омаров, Қазақстан тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының жетекшісі, дәріханалар желісінің иесі
2. Әмірханов Бақытжан Кәдірбекұлы , ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығы
3. Ерсін Серікханұлы, «Komek» тәуелділіктен оңалту орталығының сарапшысы
4. Жандос Ақтаев - «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорының атқарушы директоры
5. Бақдәулет Жанділдаев, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты