ҰБТ-ның биылғы жаңарған талаптары қандай? «Бүгін»
Бүгін 25 мамыр. Мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Кеуделерін қуаныш пен толқыныс қатар кернеген 170 мыңнан астам жас түлек аяулы ұстаздарымен, білім ордаларымен қош айтысты. Ал 16 мамырдан бастап еліміздің барлық өңірінде негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны басталды. Түлектер 5 шілдеге дейінгі аралықта екі рет ҰБТ-ға қатысу мүмкіндігіне ие.
ҰБТ-ның биылғы жаңарған талаптары қандай? «Алтын белгіге» үміткерлерді қандай жаңалықтар күтіп тұр? Оқушылар мен ата-аналар оны қалай қабылдап жатыр? Жалпы еліміздегі орта білімнің сапасы жақсару үшін не істеу керек?
Осы сынды сан сауалға «Бүгінің» алаңында жауап айтылады.
Студия қонақтары:
1. Руслан Емелбаев, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры
2. Ерболат Мұхамеджан, Академиялық адалдық лигасы кеңесінің төрағасы
3. Нұрмұхамет Досыбаев, Astana garden school мектебінің директоры
4. Марал Сарбасқызы, психолог
5. Гүлжанат Асанова, Нұр-Сұлтан қаласы №64 мектеп-лицейінің директоры