«Келінжан» несімен хит болды? «Бүгін»
Көпшіліктің сүйікті сериалына айналған «Келінжан» телехикаясының үш маусымы YouTube желісінде 22 млн қаралым жинады. Телехикаяның үшінші маусымдағы әр сериясы тәулігіне 1,5 млн-нан астам қаралым жинап, күнделікті рекордты жаңартып отырды. Ене мен келін тақырыбын арқау етіп, ауыл тұрмысы мен қарапайым халықтың күнкөрісі жайлы түсірілген телехикая көпшіліктің көңілінен орын алғаны сөзсіз. Жұртты көк жәшік пен ғаламторға еріксіз телмірткен «Келінжан» несімен хит болды? Телехикаяның жалғасы бола ма? Жалпы фильм қалай түсірілді деген сауалдарға жауап іздейміз.
Студия қонақтары:
1. Гүлнұр Мамасарипова, «Келінжан» телехикаясының продюсері;
2. Дариға Бадықова, актриса;
3. Назар Сұлтанбаев, актер;
4. Иван Червинский, блогер;
5. Александр Рожков, блогер;
6. Дина Тұрғалиева, Instagram-дағы байқау жеңімпазы.