ТМД-ның құрылуы. «30 жылдың ой толғауы»
«Отыз жылдың ой толғауы» – еліміздің жаңа дәуірдегі тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бағдарлама.
1991 жылы 8 желтоқсанда Ресей, Беларусь, Украина басшылары Беловеж тоғайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойды.
1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қаласында он бір егеменді мемлекет (Грузияны қоспағанда) басшылары аталған Келісімнің Хаттамасына қол қойып, онда барлық мемлекеттер тең құқықтық негізде ТМД-ны құратынын атап көрсетті. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі сапаларында ынтымақтастыққа бейімділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады.