«Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін». Ақторғын
Телехикаяда Гүлжібек Аязбаеванын (Ақторғын) тағдыры баяндалады. Ол Қыздар педагогикалық институтының «Айгүл» вокалды-аспаптар ансамблінің әншісі. Алматы консерваториясында оқыған, Мәскеу консерваториясын бітірген. Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының әншісі болған. Кейін сырқаттанып, сахнадан қол үзіп қалған.
Телехикаяда Ақторғын ортадан өзін түсінер жан таппай қиналады. Сондықтан ол базарда ән айтады. Жиі ашуға бой алдырады. Ақторғынның көңіл күйін көтеріп, оның шығармашылыққа оралуына Ерзат есімді жігіт қолұшын созады. Сол Ерзат тағдыр тәлкегіне түскен Ақторғынды 30 жыл бойы көрмеген қызымен қайта табыстырады…