«Мәдениет үйі» телехикаясы. «Ескірмеген махаббат» 22-бөлім
Консерваторияны тәмамдаған Шұғыла Төртбұлақ ауылдық мәдениет үйіне жолдама алады. Атауын мүлде естімеген ауылға тәжірибе жинау үшін аттанған жас маман көркемөнер саласы кенже қалған мәдениет үйін жандандыруға бел буады. Өнерпаздар жинау үшін ауыл ішіне кастинг жариялайды. Алайда алда Шұғыланы талай қызық күтіп тұрған еді...
Арманы адастырып, шалғайдағы ауылға айдап әкелген бойжеткеннің хикаясын «Мәдениет үйі» комедиялық сериалынан тамашалаңыздар.