Хабар телеарнасы

«Шашу». «Текемет» 13-бөлім

«ТЕКЕМЕТ»

Жексенбінің жаймашуақ күнінде Науат апа сарайдан ши, түрлі бояулар сияқты текемет басуға арналған құралдарын шығара бастайды. Аида келініне арнап текемет басуды ойлағанын айтады. Оны естіп қыздары көмекке келеді. Әңгімеден белгілі болғаны, бұл ауылда соңғы рет текемет 15 жыл бұрын басылыпты. Соңғы басқан пәленше деген кемпірдің өзі қазір бақилық болған. Ал әжей келініне арнап өз қолымен басып бергісі келетінін айтады. Себебі өзінің енесі де Науатқа арнап басқан текеметі әлі бар екен үйде.

Сонымен киіздің асарына қыздар жабылып, қазан асылып, аулада абыр-сабыр жұмыс басталып кетеді. Алан мен Аида да сол маңда қызықтап жүр. Алан бүкіл үрдісті видеоға түсіріп, ағылшын тілінде комментарий жасап жүреді. Сосын ол текемет басу жайлы видеоны монтаждап, ютуб желісіне салады.